Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Хиджабсыз суретке түскені үшін 170 адам тұтқындалды
17 мамыр, 2016 жыл 714 Басып шығару нұсқасы

Иранда хиджабсыз түскен суреттерін «Instagram» әлеуметтік желісінде жариялағаны үшін 170 адам тұтқындалды. Бұдан өзге 20 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тегерандағы компьютерлік қылмыстар жөніндегі сот төрағасы   Джавад Бабаи заң бұзушылардың «Өрмекші ІІ» деп аталатын арнайы операция шеңберінде анықталғанын хабарлады. Аталмыш операция екі жыл бойы жүргізілген.  «Өрмекші ІІ» операциясына тартылған қызметкерлерге бас киімсіз түскен суреттерін ғаламторға салатын ирандық әйелдерді іздеу тапсырылған. Нәтижесінде жалаңбас әйелдермен қоса сол суреттерді жасайтын фотографтар, менеджерлер мен әрлеушілер де тұтқындалған.

Иранда әйел затына қоғамдық орындарда жалаңбас жүруге, орамалсыз суретке түсіп, оны жариялауға заң бойынша тыйым салынады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары