Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ыстықтан қорғайтын әмбебап орамал ойлап тапты
17 мамыр, 2016 жыл 165 Басып шығару нұсқасы

Ахмад Ганем есімді 22 жасар кәсіпкер мұсылман әйелдері үшін «әмбебап» хиджаб түрін ойлап тапты. Матаның өздігінен салқындататын, су өткізбейтін, терлетпейтін ерекшелігі бар. Ахмад Ганем екі жыл зерттеу жүргізіп, құрама нейлон матасына тоқтаған. Ол сырттан келетін әр түрлі әсердің 80%-ын өткізбейді әрі ультракүлгін сәулелерінен қорғайды. Арнайы матадан тігілген «салқындық пен құрғақтық» деп аталатын орамал әдеттегі орамалдарға қарағанда жеті-сегіз градустан төмен температураны қамтамасыз етеді. Кәсіпкердің өзі:  «Көшеде қанша градус ыстық болатыны енді маңызды емес. Әрбір қыз баласы бұл орамалды мақтана тағатын болады. Біздің мақсатымыз қыздарға қолайлы жағдай жасау»,-деді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары