Мекке қаласының билігі Таяу Шығыстағы ең ірі және жоғары технологиялы орталық болатын жаңа видеобақылау орталығын ашуды жоспарлап отыр. Бұл орталықта арнайы мамандандырылған 1600 полиция офицері жұмыс істемек. Олар 18 мың сыртқы бақылау камераларын қадағалайды. Орталықтың нақты ашылатын күні әзірге белгісіз, бірақ ғимараттың өзі дайын. Орталықта екі үлкен экран орнатылып, одан 18 мың камераны бақылау мүмкіндігі жасалады.
Пікірлер