Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АҚШ сенаторы өлім алдында мұсылмандардан кешірім сұрағысы келген
23 мамыр, 2016 жыл 495 Басып шығару нұсқасы

АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдарында қатерлі ісік ауруына шалдығып, емделу үшін Джордж Вашингтон университетінің ауруханасына жатқызылған сенатор Боб Беннеттің өлім алдында елінде өсіп кеткен исламофобия құбылысы үшін қайғырғанын жазуда. Daily Beast интернет сайтында жарық көрген хабарда әйелі мен ұлына мұңын шаққан Беннет: «Ауруханада мұсылман көрдіңдер ма? Барып әрқайсынан бұл елде болғандары үшін рахмет айтып, Республикалық партияның атынан Дональд Трамптың мұсылмандарға қарсы сөйлеген сөздері үшін кешірім сұрағым келеді», – деген.

Әкесінің өлім алдындағы сөздерімен бөліскен Беннеттің ұлы Жим: «Трамтың мұсылмандарды елге кіргізбеу керек деген сөзінен кейін әкем әуежайларда әр көрген орамалды әйелдерге барып, олардың бұл елде болғандары үшін шексіз бақытты екенін айтатын еді», – деді.

Беннеттің АҚШ-тың Юта штатындағы христиан дінінің Мормон ағымынан болғаны мәлім еді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары