Джерси-Сити (Нью-Джерси штатында орналасқан Хадсон округінің аймақтық орталығы, АҚШ) қаласының мемлекеттік мектептері қасиетті құрбан айт мерекесінде бір күндік демалыс алады. Осы мәселе үшін жиналған мектеп кеңесі бір ауыздан құрбан айт мерекесін ресми мейрам деп танып, мектеп күнтізбесіне өзгеріс енгізді.
Пікірлер