АҚШ президенттігіне үміткерлер мұсылмандар мәселесі үшін дауласып жатыр. Бұрынырақ президенттікке үміткер Хиллари Клинтон Дональд Трамптың мұсылмандарға АҚШ-қа келуге тыйым салу туралы ұсынысы терроризмге ықпал ететінін айтқан болатын. Трамп қарсыласына жауап беріп: «Хилларидің мұсылмандардың уақытша кіруіне тыйым салуды терроризмге ықпал ететін факті деп санауы Берни Сандерстің оны президент лауазымына лайықсыз дегенін дәлелдейді»-деп мәлімдеді. Осылайша Трамп Клинтонға қарсы Берни Сандерсті арандатты. Осы мәлімдемеден кейін Сандерс Клинтон туралы айтқанын жоққа шығарып: «Әрине, ол президент лауазымы үшін білікті маман. Жоқ деген күннің өзінде ол кез-келген республикашыл-үміткерден жақсы президент болады»-деді.
Пікірлер