Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АМЕРИКАНЫ АШҚАН КОЛУМБ ЕМЕС, МҰСЫЛМАНДАР
24 мамыр, 2016 жыл 603 Басып шығару нұсқасы

Саудиялық кинорежиссер Халид Абуальхайр «Біз американы Колумбтан бұрын ашқанбыз» деп аталатын деректі фильмді жарыққа шығарды. Автор мұнда тарихшы ғалымдармен сұхбаттаса отырып, Американы Колумбтың ашпағанын дәлелдейді. Режиссер бір жарым жыл бойы әлемді аралап, алғашқы мұсылмандардың Америка континентінде болғанын айғақтайтын дәлелдер жинаған. Фильмде Испанияның, Португалияның, Бразилияның, Марокко, Сенегала мен Малидің белгілі тарихшылары өз пікірлерін білдірген. Абуальхайрдың өзі: «Теориямен қатар ғылыми фактілер бар. Бірқатар теорияларда америкалықтардың Америкаға 16 000 жыл бұрын аяқ басқаны айтылады. Африкалықтар мен қытайлықтардың да солтүстік контингентке жеткенін дәлелдейтін фактілер бар. Мен Андалусия мен Малиден жиналған дәлелдерге сүйеніп отырмын»-деді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары