Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

МЕШІТТЕН ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ҰРЛАҒАН ПАВЛОДАРЛЫҚҚА КЕШІРІЛІМ БЕРІЛДІ
26 мамыр, 2016 жыл 359 Басып шығару нұсқасы
Павлодар облысының кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында орталық мешіттен ұялы телефондар ұрлаған 16 жастағы жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Іс материалына сүйенсек, жасөспірім мешіттен бірнеше рет ұялы телефон ұрлаған. Ол 40 мың теңге тұратын «НТС» маркалы телефонды, кейін «SamsungAce-4» маркалы ұялы телефонын жымқырып, иесіне 35 мың теңге материалдық шығын келтірген. Сонымен қатар, сотталушы мешітке келген тағы бір адамның спорттық киімінің қалтасынан «Lenovo» телефонын қолды қылған. Осылайша,  телефон қожайынын 51560 теңге шығынға батырған.+

Сот алдында жауап берген жеткіншек пен оның заңды өкілі зардап шеккен үш азаматпен татуласуға ниет білдірді. Кейін олар кәсіби медиатордың көмегімен татуласты. Кәмелетке толмаған айыпталушы кешірім сұрап, келтірілген шығынның орнын толтырды. Сот қаулысымен жеткіншек ҚР Қылмыстық кодексі 188-баптың 2-бөлігі, 2-тармақшасы және 188-баптың 1-бөлігі бойынша  қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Тараптардың татуласуына байланысты  ҚР Қылмыстық кодексі 68-бабының 1-бөлігі негізінде зардап шегушілердің татуласуына байланысты қылмыстық іске қатысты өндіріс тоқтатылды», - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Жанар Жұматаева.

BNews.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары