Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ИСЛАМОФОБИЯҒА ҚАРСЫ ДӘРІ ШЫҚТЫ (ВИДЕО)
27 мамыр, 2016 жыл 159 Басып шығару нұсқасы

АҚШ-та исломофобиямен күресудің тың тәсілі ойлап табылды. Ерекше бағдарламаны шығарған – америка-ислам кеңесі (CAIR). Ерекшелігі сол, исламофобиядан айықтыратын «исламофобин» дәрісін жарнамалайды. Дәріні CAIR компаниясының  Facebook парақшасынан ала аласыздар. «Исламофобиннің» сыртқы қабында дәрілік препаратты «асқынған исламофобин симптомын жеңілдету үшін» қолдануға болады деп жазылған. Сондай-ақ, таптырмас таблетка соқыр сенім, ойсыз фанатизм, мұсылмандардың алдында түкке тұрмайтын қорқыныш сезімдерін де жоятын көрінеді.  

Шын мәнінде бұл жай ғана сатиралық бейнероликтер болатын, дәрі де әдеттегі қантсыз сағыз. Сатиралық дәрінің аннотациясында өзге дін өкілдерімен татуластыратыны айтылады. Дәрінің күшінен мұсылмандарға, иммигранттар мен босқындарға деген ыстық сезім пайда болады және исламофобияның кез-келген дозасындағы аллергияны кетіреді.

CAIR компаниясының атқарушы директоры Нихад Авад: «Ащы әзіл халыққа исламофобияның зиянын көрсетіп, оның қаншалықты зияндығы жайында ақпарат алуға көмектеседі және теңдік пен діндегі еркіндіктің маңыздылығын еске түсіреді», – деді.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары