Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Қош келдің, Рамазан!» атты діни – сазды рухани кеш өтті.
04 маусым, 2016 жыл 296 Басып шығару нұсқасы

Рухымызға азық, нәпсімізге тыю болатын  сауабы  мол Рамазан айын әрбір мұсылман асыға күтері сөзсіз. Осыған байланысты 26 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Рамазан!» атты діни – сазды рухани кеш болып өтті. Шараға қалалық әкімдіктің қызметкерлері қол ұштарын беріп, үлестерін қосты. Рухани кештің мақсаты – қасиетті Рамазан айының жақындауына орай, халыққа ораза жайлы толық мағлұмат беру. Рухани кешке Абай қаласының әкімі Ерғали Кисрауынов, аудандық орталық мешіттің бас имамы Асқар Қуатбеков, облыс және аудан қонақтары, тұрғындар қатысты. Кешке арнайы келген Қарағанды облысы бойынша өкіл имам Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы айлардың сұлтаны Рамазанмен құттықтап, өз сөзінде бұл айдың ерекшелігі мен қадір қасиетін ашып жеткізді. Рамазан – адалдық пен ықылас айы. Өйткені, шын жүрегінен иман келтірген адам оразасын Жаратушысына арнайды. Одан кейін сөз алған қала басшысы Е.Кисрауынов барша жиналған жамағатты қасиетті аймен құттықтады. Мәдениет үйінің әртістері дайындаған концерттік бағдарлама да халықтың көңілінен шықты. Алла  тағаланың мейірімділігі мен рақымдылығын насихаттайтын діни іс – шаралардың өтуіне қол ұшын беріп жүрген Ноғаева Бота апайымыз да  аталмыш шараға  ат  салысты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары