Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бүлдіршіндерге арналған сауат ашу курсы басталды
09 маусым, 2016 жыл 522 Басып шығару нұсқасы

Мінез-құлқы мен тәлім-тәрбиесі бөлек 90 бала бір мезетте бас қосып, білім алуда. Демалысқа шыққан балалардың уақытын тиімді өткізу үшін мешіт - таптырмас орын. Ислам діні бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі.  Парасатты ізгі тәрбиені сауат ашу курсымен сабақтастырып, 90 баланың басын қосқан бірден-бір мешіт осы Шет ауданына қарасты. Ұлттық негізде әрі мұсылмандық сипаттағы тәрбиемізге орасан зор көңіл бөлетін «Жанқұтты би» мешітінде жазғы лагерь ұйымдастырылды. Балақайларға Құран әліппесі,  фиқһ, сира, тәжуидтен сабақтар өткізіліп, спорттық ойындарға да ерекше көңіл бөлінуде. Қарағанды қаласындағы қайырымдылық медресесінің шәкірті Елшат Аманжол мен Нұр-Мүбарак университетінің шәкірті Маханбетчин Қарубай  жасөспірімдерге дәріс жүргізіп, арасында қызықты сайыстар да өткізіп тұрады. Салиқалы ұрпақ тәрбиелеп, елдің болашағы білімді болуына ерекше ден қойған мешіттің бас имамы Берік қажы Алпысбайұлы лагерьге келуші балаларға арнап түс кезінде мешіт асханасынан ас беруді қамтамасыз еткен. Жергілікті басшылық жүзге жуық жастардың білім алуына риза болып, мешітке арнайы келіп, қал-жағдайларын білісті. Шет ауданының әкімі Жандәулетов Марат және «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Оспанова Қадиша Базарбайқызы балақайларды аудандық саябаққа апарып, балмұздақ үлестірді. Перзентіне өр рухты, көркем мінезді, иманды, сапалы білімді, дені сау, ұлттық санасы биік болуды мақсат тұтқан барша ата-аналарға алғыстарын жеткізіп, жылы лебіз білдірді.

Бүгінде облыс бойынша көптеген мешіттерде жазғы сауат ашу курстары жұмыс жасауда. Бұл шараны ұйымдастырудағы басты ниет өскелең ұрпаққа дәстүрлі дініміздің тура жолын көрсету. Бала кезінен діни білім бұлағынан сусындап өскен сәбилеріміз келешекте теріс ағымдарға қосылмай, санасын улатпай, елімізге пайдалы азаматтар болады деп сенеміз. Саналы, салиқалы ұрпақ тәрбиелегісі келген ата-ана перзентін мешітке жетелеп әкелуде.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары