Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

МЕШІТТЕР МЕН КАФЕЛЕРДЕ АУЫЗ АШАРҒА  ТЫЙЫМ САЛДЫ
10 маусым, 2016 жыл 2631 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда мешіттер мен кафелерде көлгірсітіп ауыз ашар жасауға тыйым салды. Мұндай шектеуді қойып отырған елдің діни басқармасының өзі. Діни басқарманың өкілі шейх Абдулазиз Мансұрдың айтуынша тыйым ислам тарихымен байланысты.

«Мешіт, кафе, мейрамханаларда ауыз ашар өткізу мемлекеттің саясаты емес. Мұндай қадамға ислам тарихын ойға ала отырып барып отырмыз. Мұхаммед пайғамбарымыздың кезінде ауыз ашар ішерге асы жоқ жарлы-жақыбайларға берілген болатын. Ал қазір жоқ жанға қолдау көрсету көмектесу мақсатында берілетін ауыз ашар ысырапшылдық пен той-домалаққа айналып кетті. Біз қарсымыз», – дейді ол.

Мұнымен ауыз ашарға мүлдем тыйым салынады деген сөз емес, адам санын азайту, өз үйіңде шағындап ас беру дегенге саяды дін басылардың айтпағы. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары