Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БІР ТЕТІКТІ БАСЫП, АШ АДАМДАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУҒА БОЛАДЫ
13 маусым, 2016 жыл 183 Басып шығару нұсқасы

Рамазан қарсаңында бір ғана тетікті басу арқылы босқындар мен аш-жалаңаш жандарды тамақтандыратын мобильді бағдарламаның араб тіліндегі түрі  іске қосылды. Дүниежүзілік азық-түлік программасы әлемдегі аш адамдарды тамақтандыруға тек 50 цент, яғни 166 теңгені ғана құрбан етуді ұсынады.

Өткен жылдың қарашасында аталмыш бағдарламаның ағылшын, неміс тіліндегі нұсқасы шыққан болатын. Бүгінге дейін 500 000 қолданушыдан 5,5 млн жиналған. Жаны жайсаң жанашыр адамдар Африканың Лесото қаласындағы мектеп оқушыларын, Иорданияның босқын балаларын, Сириядағы аяғы ауыр, бала емізетін аналарға қуаныш сыйлады.

Енді аталмыш компания Бейрутта тұратын 3-4 жасар 1400 сириялық босқын балаларды тамақпен қамтамасыз етуге қаражат жинауда. Бағдарламаны ойлап тапқан Себастьян Стрикер : «Біз жақсылық жасағымыз келеді. Бағдарламаның адамдарға түсінікті болуында қарастырамыз, араб тілі соның айғағы», – дейді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары