Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АУЫЗ БЕКІТКЕН ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЙЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН
13 маусым, 2016 жыл 185 Басып шығару нұсқасы

Ерекше қызмет түрі Британия елінің барлық мемлекеттік мектептерінде қарастырылған. Әрбір мұсылман ата-анаға Рамазан айы басталар алдында баласы ауыз бекіте ме деген сауалмен смс хабарлама келеді. Мектеп әкімшілігі осылай білу арқылы аузы берік оқушыны түскі асқа жібермейді.

Лондонда тұратын ата-аналардың бірі ислам.ру сайтына берген сұхбатында Ораза айт мерекесін тойлауды жоспарлап отырғанын да айтқан. Сонымен бірге, оның айтуынша британ мектептерінің барлығында дерлік намаз оқитын бөлмелер бар.

Тағы бір ерекшелік, мектепке жаңа келген оқушының ата-анасынан алдымен баланың тамақтануы жайлы ақпарат алынады. Кейбір ас түрінен болатын аллергия, діни көзқарастарына байланысты әр баланың ас мәзірі жеке дайындалады.

Мұсылмандар көп шоғырланған аймақтарда мектеп асханаларында халал тамақтар берілетін жеке дүңгіршек те бар болып шықты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары