Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ТОҚСАНДЫ АЛҚЫМДАП ҚАЛҒАН МАГИСТР ПРЕЗИДЕНТТІКТЕН ҮМІТТІ
14 маусым, 2016 жыл 154 Басып шығару нұсқасы

86 жастағы ирандық Мир-Ганбар Хейдари Шишван магистр атанды. Осыдан төрт жыл бұрын ол Аджаб Шир қаласындағы «Азад» Ислам университетінде оқып, бакалавр деңгейін алған болатын. Бірақ қария мұнымен тоқтамады. Биыл аталмыш оқу орнының магистратурасына оқуға түсті.

Мир-Ганбар Хейдари Шишван осы уақытқа дейін банкте жұмыс істеп, ұстаздықпен айналысып келген. Мұнымен қоймай, авторлық кітабын да жарыққа шығарып үлгерген. Қазір тағы үш кітап жазуда.

Көпке үлгі болған ақсақалдың өмірі жайында Жапония, Швейцарияда өткен кинофестивальдарда жүлделі орындарды жеңіп алған «Президент Мир-Ганбар» атты фильм де бар.  

Қауқары мол қария бұлармен де тоқтап қалмады. Ол өзін президент, парламент сайлауында кандидатурасын ұсынып жүрген үміткерлердің бірі. Қазіргі таңда 2017 жылы өтетін президент сайлауында елбасы болсам деген мақсатты алға қойып отыр.  

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары