Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ДІНІ БАСҚА БОЛСА ДА РАМАЗАНДА АУЫЗ БЕКІТТІ
14 маусым, 2016 жыл 274 Басып шығару нұсқасы

Біріккен Араб Әмірлігінің мұсылман емес тұрғындарына Рамазанның басқа мерекелерден айырмашылығы жоқ. Бірақ Джейсон Лу Джих Шенгке мүлдем олай емес. Эмиратта тұрып жатқанына 9 жылдың жүзі болған 33 жасар қытай-малазиялық жаттықтырушысы, ислам дінін қабылдамаса да,  осы жылы барша мұсылманмен бірге ауыз бекітуге бекінген.

Абу-Дабиде тұратын Шенг БАӘ-не көшіп келгелі елдің мәдениеті, тарихы мен құнды мұраларын үйренуге деген құлшыныс пайда болғанын айтты. «Менің анам христиан, ал әкем буддист, маған өз-өзімді табуыма,өзіме жақын дінді ұстануыма ерік берді», – дейді ол. «Мен қызмет ететін үйдің жанында мешіт бар. Әрдайым қызықтырған сұрақтарыңа жауап беретін ғалым, ұстаздар жаныңнан табылады. Менің ой өрісімді кеңіткен сол кісілер. Бірнеше сағат бойы нәр татпай, ауыз ашарда ішкен алғашқы бір жұтым су мені ерекше күйге бөлейді, - дейді. Ол осы аралықта дастархандағы астың қадірін түсіне бастағанын да жасырмады.

«Мен мұсылман болмасам да, ауыз бекітуді жөн көрдім, оразаның қандай болатынын түсінгім келді. Өз басыңнан өтпейінше, қалай болғанын сезіне алмайды екенсің», - деп ағынан жарылды жаттықтырушы.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары