Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ТҮРМЕ ҚАНТПЕН ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫН ЖАСАУҒА ҮЙРЕТТІ
15 маусым, 2016 жыл 143 Басып шығару нұсқасы

Гассан әл-Аззех есімді палестиналық жігіт жарамсыз материалдардан әртүрлі өнер туындыларын жасайды. Ерекше өнер түрін ол  он алты жасында от басып, израиль түрмесінде отырғанда үйренген. Түрме ішінде суретке керек бұйымдардың жетіспеуі оның таңғажайып туындыларын жасауға кедергі бола алмады. Ол әдемі портреттерді қоңыр қанттың көмегімен көркемдеуді қолға алған. Шебердің қолынан ерекше дүниелер өмірге келді.

«Түрмеде болған кезімде, жұмыр тастан да әдемі дүниелер жасауға болатынын түсіндім», – дейді Гассан Әл-Аззех .

Үш жыл өткенде палестиналық азамат бостандыққа шығып, өнерін әрі қарай жалғастырады. Оның жұмыс барысында қолданатын бұйымдары – ағаш ұнтақтары, құрылыс қалдықтары мен қайта өңделген ағаш, керамика. Ол осыларды жаратып, таңдаулы интерьерлерді дүниеге әкелуде. Сұранысқа ие ең танымалдысы – кесілген ағаштардан жасалған қабырға сағаттары.  

Палестиналық шебердің арманы – өз шеберханасын ашу.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары