Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

МҰСЫЛМАНДАР ЖЕРТӨЛЕДЕ ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТУГЕ МӘЖБҮР
15 маусым, 2016 жыл 127 Басып шығару нұсқасы

3 миллион халқы бар Грекия астанасы Афины қаласында бірде-бір мешіт жоқ. Қала мұслмандары еріксіз жалға алынған үй-жайларды құлшылық орнына айналдырған. Мұсылман ғибадатханасының  құрылысы 2000-шы жылы басталу керек болған. Алайда    жергілікті тұрғындар наразылық білдіріп, мешіт салу белгісіз уақытқа кейінге қалдырылады. Бүгінгі таңда Афиналық мұсылмандардың саны 300 мың. Барлығы намаздары мен басқа да діни жоралғыларын қараусыз қалған кәсіпорындар, зауыттар, тіпті жертөлелерде орындайды. Қазір халықтың өзі мешіт қылып алған орындар жүзге жетті.

«Грек Конституциясында діни бостандық жайында жазылған. Бірақ ол бостандық менде жоқ. Грекия елімізде тұратын жүз мыңдаған мұсылмандарға мешіт салуға тиісті. Содан ғана бүкіл әлем біздің елде дін бостандығы бар екенін білетін болады»,  - деді Пәкістан қоғамдастығының төрағасы Джавед Аслам мәлімдесінде.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары