Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ЖҰЛДЫЗҒА АЙНАЛҒАН МҰСЫЛМАН ҚЫЗ АУРУЫН ҚАЛАЙ ЖЕҢІП КЕЛЕДІ
22 маусым, 2016 жыл 206 Басып шығару нұсқасы

Британияның танымал реалити-шоуының жеңімпазы, Ұлыбританияның ең үздік аспазшысы Надия Хуссейн телеарналарға берген сұхбатында исламофобиялық көзарастағылардан көрген қорлығы жайында айтып берді. Қазіргі таңда телеэкран арқылы көпшілікке танылып үлгерген 31 жасар мұсылман қыздың айтуынша кішкентай кезінен сыныптастарының жәбірлеуі мен кекетіп-мұқатуынан үркіп қалған, содан бері жүйке жүйесі сыр береді.

«Мен шошымалы ауруға 7 жасымнан шалдыққанмын. Қара нәсілді болғаным үшін кемсітетін. Мектепте оқып жүргенде бір топ ұлдар мені күштеп тақтаға жабыстырып, бетіме бор жақты», - дейді үш баланың анасы. Соның салдарынан әлі күнге дейін Надияға сес көрсетіп жатқан жағдайлар жиі елестеп, шошынып қалады. Осындай қиын жағдайда қуанышына орай жұбайы жанында болып, әрдайым қолдау көрсетеді екен. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары