Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ ӘСЕРЛІ УАҒЫЗБЕН СУСЫНДАДЫ
24 маусым, 2016 жыл 396 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті рамазан айындағы рухани ағарту іс-шараларын арттыру мақсатында Қарағанды қалалық №1-мешітінің асханасында әйелдер қауымына арналған ауызашар өткізілді. Қажы апалар мен діни сауат ашу курсындағы қыз балалар, студент жастарды қатыстырып өткізілген рухани кешті ұйымдастырған бас имам Орманбет Болатұлы сауапты отырысты бастап берді. Оразаға арнап игі тілегін айтып, діни сауатты болудың өзекті екендігіне тоқталып өткен бас имамнан соң, мешіт ұстаздары дәм үстінде әсерлі уағыз насихат жүргізді. Исламдағы әйелдің орны мен отбасы құндылықтары, дініміздегі әйелдерге қатысты өзге де тақырыптар қамтылды. Тарауих намазына дейін жалғасқан ауызашар рәсімінің соңында ардақты аналар ел мен жерге тыныштық тілеп, бата жасады. Оразаға қатысты сауалдар мен жауаптар жинақталған кітапшалар сыйға таратылды.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары