Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ИМАН ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ
27 маусым, 2016 жыл 764 Басып шығару нұсқасы

Маусым айының 25-ші жұлдызында Қарағанды облыстық орталық мешітінің жазғы сауат ашу курсын тәмамдаған бүлдіршіндерге арнайы сертификат табысталды. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылған жазғы оқу лагерінде мектеп жасындағы балаларға ислам әдебі, иман негіздері, Құран әліппесі секілді пәндер жүргізіліп, исламның алғышарттарын үйретті. Мектеп оқушыларының жаз маусымын пайдалы өткізіп әрі ислам діні жайлы таным көкжиегін кеңейту мақсатында ұйымдастырылған жазғы лагердің ең кішкентай шәкірті 5 жаста болса, ең үлкені 13 жаста. Жазғы сауат ашу курсы аясында мешітке келіп, сабақ алған қыз балалар мен ұлдардың жалпы саны 65 –тен асты. Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Серік Амамбайұлы жас шәкірттерге арнайы сертификат табыстап, сыйлықтар берді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары