Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ӨТТІ
05 шілде, 2016 жыл 275 Басып шығару нұсқасы

Күннің ыстығына қарамастан 29 күн бойы ауыз бекіткен күллі мұсылманның Ораза Айт мерекесін амандықпен күтіп алуының өзі зор қуаныш. Әрбір мұсылман баласына Ораза айтының орны бөлек әрі ыстық екені анық. 12 айда бір  келетін, көпшілік  мәре-сәре болып тойлайтын Айттың  алғашқы күнін Қарағанды облыстық орталық мешіті ұлттық нақышта дүбірлетіп атап өтті.

Таңғы Айт намазының алдында Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков  Қарағанды жұртын Ораза Айт мерекесімен құттықтап, дінімізге күш-қуат, елімізге амандық тіледі.  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жиналған көпшілік алдында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретінің құттықтауын жеткізді. Өкіл имам өзінің ақ тілектерінен соң,  мешіттің ұйымдастыруымен өтетін мерекелік іс-шараның бағдарламасымен таныстырып, барша жамағатты мешіт алаңына шақырды.  ҚМДБ бекіткен «Дін мен Дәстүр» жылы аясында мешіт ауласында ұлттық ойындар бойынша додалы ойындардың ішінде  арқан тартып, жарысуда жігіттеріміз топ-топқа бөлініп күш сынасса, найза лақтырудан қатысушыларымыз өз мергендіктерін көрсетті. Қазақша күресте нағыз палуандар анықталып жатса, басқалары ауыр кір тасын еркін көтеріп, көрермен таңдайын қақтырды. Кіл жүйріктерге мешіт ұжымы марапаттау қағаздары мен бағалы сыйлықтарды үлестірді. Халық бар ынта-жігерімен қатысушыларға жанкүйер болып, дүбірлеп өткен қызу тойдың куәсі болып қайтты.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары