Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ФРАНЦИЯДАҒЫ ТЕРАКТІДЕ 8 АЙЛЫҚ БАЛАНЫ ТАУЫП АЛДЫ  
18 шілде, 2016 жыл 142 Басып шығару нұсқасы

Ницце қаласында орын алған лаңкестік шабуыл кезінде ата-анасы адасып қалған 8 айлық бала табылды. Бүлдіршіннің құжынаған халық арасынан тез табылуына әке-шешесінің Facebook парақшасындағы жазбасы әсер етті.

Француз БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қала тұрғындары әлеуметтік желідегі хабарландыруға бей-жай қарамай, бала туралы дерек жылдам таралып кеткен.

«Біз дүрбелең кезінде баламыздан көз жазып қалдық, ол көк коляскада болған. Егер көрген, тауып алған болсаңыздар осы нөмірге хабарласыңыздар...», - делінген жазбада. Бірер сағаттар өткен соң, салы суға кеткен әке мен анасын қуанышты жаңалық төбелерін көкке көтерді. Бала сап-сау күйінде аман-есен табылды. 

«Табылды! Көп рахмет! Көмектескендер мен қолдау ретінде хабарландыруды таратқан жандарға рахмет!», – деп бөлісті анасы. Еске сала кетейік, Францияның Ницце қаласында ұлттық мерекелерін тойлау кезінде өте үлкен теракт орын алды. Лаңкесік оқиға 80 адамның өмірін жалмап, 100 ден астамы жарақат алды. Оқиға тұрғындар мен қонақтар жағалауға мерекелік отшашуды тамашалауға келген кезде болған. Өте қатты жылдамдықпен жүк көлігі әдейілеп келіп, алдындағы адамдарды жайпап өткен. Қанқұлы оқиға тек Францияның ғана емес, күллі әлемнің қабырғасын қайыстырды.  

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары