Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Экстремизмді насихаттаған 94 сайтқа шектеу қойылды
27 шілде, 2016 жыл 133 Басып шығару нұсқасы

Қазақстанда терроризм мен экстремизмді үгіттеуге бағытталған 94 сайттың қызметіне шектеу қойылды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасынан.

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (әрі қарай - Комитет) 2016 жылы Есіл ауданының сотына Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің (әрі қарай - Кодекс) 48-тарауына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн ақпаратты қамтитын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы 18 талап-арыз жолдаған.

Осы санаттағы азаматтық істер аудандық сотпен каралып, талап-арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарылған. Кодекстің 54-бабына сәйкес, Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуратурасымен аталған істерге прокурордың қатысуы қамтамасыз етіліп, тиісті қарытынды берілген.

Азаматтық істерді қарау нәтижиесі бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауіпсіздікке кері әсерін тигізетін, терроризм, экстремизм және сепаратизмнің кез келген нысанын үгіттеуге бағытталған 94 сайттың қызметіне шектеу қойылған», - деп жазылған хабарламада.

Шешім заңды күшіне енді. 

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары