Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Б.Саттархановтың әкесі Дидарға құран кітабын табыс етті
27 шілде, 2016 жыл 260 Басып шығару нұсқасы

Кеше «Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервін даярлайтын спорт мектебінің» түлегі Дидар Хамзаны жерлестері Рио Олимпиадасына шығарып салу рәсімін өткізді – деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған мектептің ұйытқы болуымен «Түркістан Ахмет Аяссауи» мешітінде өткен шараға қаладағы игі жақсылар мен спорт жанашырлары және дін өкілдері жиналды.

Осы кездесу барысында 19 жастағы дзю-до күресінің шебері, жас батыр Бекзат Саттархановтан кейін араға 16 жыл салып Олимпиада ойындарына қатысқалы отырған Дидар палуанға түркістандықтар сәттіліктер тіледі. Осылайша ыстық ықыластарын жеткізген көпшілік арасында бекзада Бекзаттың әкесі Сейілхан Саттарханов «Менің ұлым Сидней Олимпиадасына аттанғанда ұстазы берген Құран кітапты оқи алмаса да жанынан тастамай, ақтық ойынға шығар алдында Ермахан ағасы екеуі қасиетті кітапты көкіректеріне қысып ниет еткен екен. Ендеше Дидар балама да Бекзатымның жеңісін тілеймін. Сол үшін жаныңа серік болсын деп, мына Құран кітабын арнайы алып келдім», деп батасын берді.

Сонымен қатар, қаланың бас имамы Омар Елеуұлы бастаған дін өкілдері жамағатпен бірге өткен әр намазда дұға тілейтінін жеткізіп, Құран бағыштады. Және де қала әкімінің орынбасары Д.Тәңірбергенов әкімдік атынан палуанға шапан жауып, сый-сыйяпат жасады.

Айта кетерлігі, барша жерлестеріне шексіз алғысын айтқан Дидардың жеке бапкері әрі асқар тау әкесі Марат Файзиев ұлының дүбірлі додадан жүлдемен оралуына мүмкіндігі бар екендігін жеткізді. Әлемдегі 73 келідегі ең таңдаулы 22 дзю-дошы қатысатын Олимпиадаға Дидар бір қадам жетпей қалған болатын. Яғни 23 орында тұрған жас палуанның алдында тұрған спортшының белгілі себептермен жарыс жолынан шеттетіліп, осыдан 3-4 күн бұрын ғана шақырту алған Дидардың ендігі үміті – жеңіске жету.

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы тек үш жолдамаға иеленсе, енді олардың саны тағы толықты. Дидар Хамза Риода 8 тамыз күні Татамиге шығады.

baq.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары