Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мультфильмде Құран Кәрім аяққа тапталды (ВИДЕО)!
02 тамыз, 2016 жыл 996 Басып шығару нұсқасы

Ағылшындардың Channel 5 телеарнасынан көрсетілетін «Өрт сөндіруші Сэм» атты мультфильмде Құран Кәрім аяқасты етіледі. Мультфильмде шай көтеріп келген бір кейіпкер кітапты басып кетіп, тайып жығылады. Басып кеткен кітаптан шашылған парақтардың Құран парағы екені аңғарылады. Көрініп қалған парақта Мүлік сүресінің 13-26-аяттары екенін де байқауға болады. 2014 жылдың қазан айынан бері көрсетіліп келген мультфильмнің бұл қорлығы енді байқалған.   

Мультфильмді эфирге шығарып отырған компания муьтфильмнің Құран Кәрімді қорлаған сериясын әлеуметтік желідегі наразылықтан кейін көрсетілімнен алғызып тастады. Ал мультфильмді жасаушы HIT Entertainment және Hibbert Ralph Animation компанияларына тергеу жұмыстарын бастағанын мәлімдеді. HIT Entertainment компаниясының иесі мен АҚШ-тың Маттел ойыншық фирмасы аталған мәселеге қатысты төмендегідей мәлімдеме жасады:

«Өрт сөндіруші Сэмнің 9-шы маусымының, 7-бөлімінде Құран Кәрім парағының көрсетілгенін аңғардық. Парақтың оқылмайтын бір бет болуы керек еді. Бұл қателігіміз үшін өкінішімізді білдіреміз. Ашуына және ренішіне тиген адамдардың баршасынан кешірім сұраймыз. Бұл қателіктің себебінен жауапты анимациялық студиомен бұдан былай жұмыс істемейміз. Осы секілді қателіктер тағы да кетпес үшін өнімдерімізді барынша мұқият көзден өткіземіз».

«Өрт сөндіруші Сэм» мультфильмінің идея авторы Дэвид Джонс бұдан бұрын да исламофобиямен айыпталған болатын.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары