Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жан Клод Ван Дамм Пайғамбарымыздан үлгі алуды кеңес етті
04 тамыз, 2016 жыл 1815 Басып шығару нұсқасы

Әлемге танымал актер Жан Клод Ван Дамм Пайғамбарымыз бен мұсылмандарға мақтауын жаудырды. Араб MBC телеарнасынан берілген репортажда спортпен айналысу және дұрыс тамақтануға, адам ағзасына ненің пайдалы, ненің пайдасыз екеніне қатысты кеңес сұраған жастарға ол Пайғамбарымыздан үлгі алуды кеңес етті.

«Аптада ең кемі бір рет ет желінуі керек. Одан соң молынан көкөніс, астық өнімдерінен жасалған ботқа, сондай-ақ Таяу Шығыстың дәстүрлі араб тағамдарын да ескі замандағыдай қазір де пайдалануға болады. Мәселен, мұсылман тағамдары: нан, бадам, алма... Өздеріңіз де бұларды оқып алуларыңызға болады. Бұл мәселеде мұсылмандар көптеген жаңалықтар ашты. Хазіреті Пайғамбар өте парасатты, ақылды жан еді. Келешек үшін және адам ағзасы үшін ненің пайдалы болғанын жақсы білген. Сол заманға көз тастаңыздар, менен сұраудың қажеті жоқ. Күмән жоқ, іздеген дүниелеріңіздің бәрін сонда табасыздар», ­- деген Жан Клод Ван Дамм жастарға Пайғамбарымыздың өміріне, сүннетіне бір сәт назардан өткізуді ұсынды.  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары