Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

5 ЖАСАР СОҚЫР БАЛА ҚҰРАНДЫ ҚАЛАЙ ЖАТТАП АЛДЫ?
22 тамыз, 2016 жыл 363 Басып шығару нұсқасы

Туғанынан көз жанары жарық дүниені көрмеген бес жасар соқыр бала Құранды жатқа біледі. Біріккен Араб Әмірлігінен шыққан Хусейн Алланың кітабын көзім көрмейді деп қарап отырмай, радио арқылы жаттап алған.  

«Мен ұлыма теледидар алғаннан еш пайда жоқ болған соң, радионы жөн санадым. Осылайша балама тәулік бойы Құран аяттарын оқитын радиостанцияға қойып бердім. Бірақ ол барлық мәтінді жаттап алады дегенді мүлдем ойлаған емеспін. Шынын айтсам, тіпті дауысты қайталап есіне сақтап жүргенін де байқамаппын», – дейді қари баланың әкесі.

Хусейннің отбасы Джидда қаласынан Мединаға көшіп келген. Кішкентай бала әкесінен Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешітін көрсетуді өтінеді. Әкесі болса ұлына Құраннан аят жаттаса ғана алып барамын деп талап қойған екен. Хусейн Бақара сүресін толықтай айтып береді. Осыдан кейін баланы дін өкілдеріне көрсетсе, ол Құранның барлық сүресін білетін болып шықты.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары