Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАЖЫЛЫҚ-2016: ШАЙТАНҒА ТАС АТУ УАҚЫТЫ ӨЗГЕРДІ
25 тамыз, 2016 жыл 266 Басып шығару нұсқасы

Саудиялық үкімет қажылық кезінде шайтанға тас ату рәсімін ерекше бақылауға алуды жоспарлап отыр. Жамарат бағандары жанындағы тас ату уақытына шектеу қойып, 12 сағатқа қысқартқан. Мұның себебін Мина аңғарындағы 2300 адам қайтыс болған қайғылы оқиғаға байланысты деп түсіндірді. Биыл шайтанға тас ату рәсімі Минада 11 қыркүйек күні басталып, 3 күнге созылады. Енді жамаратқа белгіленген уақыт аралықтарында баруға тыйым салынады. Нақтырақ айтсақ, бірінші күні – таңғы  6:00-ден 10:30 дейін, екінші күні  14:00-ден 18:00 дейін, үшінші күні  таңғы 10:30-дан 14:00 дейінгі аралық.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары