Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ЕУРОПА ФРАНЦИЯНЫҢ ЖАБЫҚ КИІМГЕ САЛҒАН ТЫЙЫМЫНА НАРАЗЫЛЫҚ ТАНЫТУДА
26 тамыз, 2016 жыл 232 Басып шығару нұсқасы

Францияның бірнеше елдімекенінде мұсылман әйелдерге арналған жабық суға шомылу киіміне тыйым салынуда. Мемлекеттің бұл әрекеті қаншама халықтың наразылығын тудыруда. Кеше Лондондағы Францияның елшілігі алдында наразылық шарасы ұйымдастырылды. «Даму және қоршаған орта үшін шеруге шыққан мұсылмандар» (MADE) атты ұйымның мұрындық болуымен «Жаның не қаласа, соны ки!» деген жазулар көтеріп шыққан бұл наразылық акциясына 50-ге жуық әйел қатысты.

Франция елшілігінің алдына қап-қаппен құм әкеп төгіп, жағажай жасаған қарсылық танытушылар «Исламофобия бостандық емес!», «Мырза, қолыңды тарт қарындасымнан!», «Біздің тәніміз ­­­­– біздің киіміміз, біздің дініміз, біздің таңдауымыз» деген жазуы бар плакаттар көтерді.

Наразылық акциясына қатысқан Фариха есімді әйел: «Бұл тыйымды жиіркенішті деп білемін. Ислами киімдерді терроризммен байланыстыруда. Бұл мақұл көретін шешім емес», - дейді.

Осыған дейін БАҚ беттерінде жағажайда бір мұсылман әйелге үстіндегі жабық киімін шеш деп әмір еткені полициялардың қылығы сынның астында қалған еді. Бұл әрекетті де қатаң сынаған Фариха: «Егер ол жағажайда оранған монах қызы болса, оған шешін демес еді. Немесе бикини киген біреуге артық киім киюіне қарсылық танытпас еді. Неге мұсылман әйелдің киіміне тиісіп қалды?», - деді.

«Әйелдер жабық киімді діннің әмірі болғаны үшін киеді. Бұған адамдар түсінікпен қараулары керек», - дейді Фариха.

Бұған дейін Францияның Білім министрі Нажат Уаллауд Еуропа-1 радиосына берген сұхбатында: «Жабық суға шомылу киіміне тыйым – нәсілшілдікке жол ашады. Бұл үлкен саяси адасушылық» деген болатын.

Англия астанасы Лондонның  мұсылман әкімі Садық Хан да бұған сыни пікір білдіріп, тыйымның дұрыс емес екенін айтты. Ол алдағы уақыттарда Париж әкімі Анне Хидалгомен кездесетінін білдіріп, жүздесуде Еуропа Одағы елдеріндегі қоғам әралуандығы және интеграция мәселелерін қолға алатынын тілге тиек етті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары