Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ» АТТЫ АКЦИЯ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ(ФОТО)
27 тамыз, 2016 жыл 437 Басып шығару нұсқасы

Тамыз айының 25-ші жұлдызында Қарағанды облыстық орталық мешіті мен Зекет Корпоративтік қорының ұйымдастыруы бойынша жаңа оқу жылының қарсаңына орай «БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ» атты қайырымдылық акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша «БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ» атты акция биылғы жылы да бүлдіршіндердің оқуға деген талабына қолдау танытып, көңілдеріне үлкен қуаныш сыйлады. Алдын-ала жарияланған акция тамыз айының 25-і күні мәресіне жетіп, Қарағанды облыстық орталық мешітінде арнайы табыстау рәсімімен аяқталды. Қайырымдылық шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілі, Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа, Зекет Корпоративтік қорының өкілі Еркебай Жұматай және жастар ісі бойынша жауапты өкілі Нұржігіт Оразалыұлы қатысты. Игі шараны Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы ашып берді. Өз сөзінде өкіл имам балауса бүлдіршіндерді басталғалы отырған жаңа оқу жылымен құттықтап, елімізге пайдасы тиер өрелі азамат болып өсулерін тілеп, батасын берді. Қарағанды қаласындағы тұрмысы төмен, көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі бірақ оқуға қабілетті балаларға жәрдем ретінде ұйымдастырылған шара аясында 150 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмке тарту етілді.

Сондай-ақ, дәл осындай игі шара өңіріміздегі «Бала қажы» мешіті мен Балқаш қалалық орталық мешітінде де жалғасын тапты. 130 бүлдіршінді мектепке дайындаған «Бала қажы» мешіті мен 20 оқушыға мектепке қажет құрал-жабдықтар мен спорттық киімдер үлестірген Балқаш қалалық орталық мешіті шағын тартуларымен жеткіншектерді бір қуантып тастады.

         «Еліміздің болашағы – білімді ұрпақ қолында» деп елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, өскелең ұрпақтың толыққанды білім алып, тәрбиемен сусындауы алдымен отбасы, сонымен қатар қоршаған ортасына байланысты. Осы орайда имандылыққа баулып, үлгі болатын сауабы мол қайырымдылық іс-шаралардың мешітімізде көп болғаны қуантады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары