Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АЗАНҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЕЛДЕ ЕКІ КҮН БОЙЫ АЗАН ДАУСЫ ЖАҢҒЫРДЫ
29 тамыз, 2016 жыл 211 Басып шығару нұсқасы

Мұнарадан немесе колонкалардан ашық алаңда азан оқуға тыйым салынған елде аптаның соңғы екі күні бойы азан дауысы жаңғырды.

Канаданың Миссиссауга қаласында демалыс күндері 12-ші MuslimFest 2016 фестивалі ұйымдастырылды. Екі күнге созылған бұл фестивальда мұсылмандар бесін, екінті, ақшам және құптан намаздарына азанды ашық алаңда шақырды. Бұл елде мешіт мұнараларынан не колонкалардан азан шақыруға тыйым салынған болатын. Азан шақырған North York түрік мешітінің имамы Билал Гүлмез: «Мешіттің сыртына дауысты шығармай ішінде бес уақыт намазға азан шақырамыз. Құран да оқимыз. Бірақ бұл жолғы алаңда шақырған азанымнан бұрын-соңды болмаған сезімдерді бастан кешірдім. Азан оқып тұрып Раббымнан азанның  сырын күллі Канада халқына жеткізуін ішімнен дұға ете тілеп тұрдым. Алла жазса, бұл аймақтарда да ашықтан-ашық азан шақырылар», – деді.

Екі күндік фестивальда түрлі мәдениеттің тағамдары, киімдері, әшекей бұйымдары таныстырылып, сатылды. Балаларға да көңіл-көтеретін ойындар ұйымдастырылды. Шараға 25 мың адам қатысқан.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары