Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҰЛЫҚ МЕЙРАМДЫ БІРГЕ ТОЙЛАЙЫҚ
02 қыркүйек, 2016 жыл 211 Басып шығару нұсқасы

Халқымыздың сан ғасырдан бергі саналы ғұмырында рухани тірек болған асыл дініміздегі айтулы мереке – Құрбан айт мейрамы жыл сайын айрықша аталып келеді. Ұлттар мен ұлыстарды бірлік пен игілікке, мейірім мен кешірімге бастаған мүбәрак мейрам – Құрбан айт биылғы жылы 12,13 және 14 қыркүйек күндеріне түсіп отыр. Ұлық мейрамды Қарағанды облыстық орталық мешіті өз дәрежесінде атап өтпек. Айттың алғашқы күні облыстық орталық мешітіне Қарағанды облысының әкімі Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанапияұлы барша мұсылманды қасиетті мерекемен құттықтауға келеді. Артынша сағат 7:30-да айт намазы оқылады. Айт намазынан соң, орталық мешіт алаңында дүбірлі дода басталады. Ұлттық ойындар мен жарыстар оның ішінде, қазақша күрес, кір тасын көтеру, арқан тартыс секілді ойындар арасында қызу тартыс өтеді. Сондай-ақ, мұсылман жамағатына арналған жәрмеңке де болады. Жәрмеңкеден әр түрлі киім-кешек пен ұлттық әшекей-бұйымдар, ұлттық тағамдар мен сусындарды, омарта өнімдерін таба аласыз. Барша мұсылман асыға күтетін айт мейрамы күні балаларға да базарлық жоқ емес.Бүлдіршіндеріміз асыр салып алаңсыз ойнау үшін арнайы аттракциондар мен үрмелі ойын алаңы (батут) құрылады. Және де балаңызды аласа бойлы жылқыларға (пони) мінгізіп, мешіт ауласын аралата аласыз. Айт – ағайын арасын жақындастыра түсетін, адамзат баласын имандылыққа ұйытып, қанағат пен тәубеге үндейтін қасиетті мейрам. Бұл күндері барша мұсылман ізгі амалымен Алланың разылығына бөленеді. Осынау ұлық мерекеде айт намазын жамағатпен оқу үшін мешітке келетін халыққа орталық мешіт ұжымы әр түрлі қызықты бағдарламалар кешенін ұйымдастыруда. Қапы қалмаңыз, ағайын!

Құрбан айттың екінші күні, яғни 13-қыркүйекте балалардың қатысуымен Қарағанды қаласында тұңғыш рет «ҚҰРАН  КЕШІ» өтеді. Құран кешіне қатысып, мәнерлеп құран оқып беремін деушілерді шақырамыз. Шалқыма концерт залында өтетін ерекше кештің басталуы сағат 19:00-де.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары