Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҰЛЫҚ МЕЙРАМ ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ӨТТІ
13 қыркүйек, 2016 жыл 267 Басып шығару нұсқасы

Қасиеті мол Құрбан Айт мерекесін амандықпен күтіп алудың өзі зор қуаныш. Әрбір мұсылман баласына Құрбан айттың орны бөлек әрі ерекше екені анық. 12 айда бір  келетін, көпшілік  мәре-сәре болып тойлайтын Айттың  алғашқы күнін Қарағанды облыстық орталық мешіті ұлттық нақышта дүбірлетіп атап өтті.

 Айт намазының алдында Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков  қала жұртын ұлық мейраммен құттықтап, дінімізге күш-қуат, елімізге амандық тіледі.  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жиналған көпшілік алдында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретінің құттықтауын жеткізді. Өкіл имам өзінің ақ тілегінен соң,  мешіттің ұйымдастыруымен өтетін мерекелік іс-шараның бағдарламасымен таныстырып, артынша барша жамағатты мешіт алаңында өтетін қайырымдылық жәрмеңкесіне шақырды. Сондай-ақ, мешіт ауласында орналасқан алты қанат ақ ордалы  киіз үйлерде құрбан айт мейрамының құрметіне халыққа ас беріліп, жамағат айттықты мешіт ауласынан бастап кетті. ҚМДБ бекіткен «Дін мен Дәстүр» жылы аясында ұлттық ойындар бойынша додалы ойындардың ішінде  арқан тартып жарысуда жігіттеріміз топ-топқа бөлініп күш сынасса, қазақша күресте нағыз палуандар ортаға шықты. Енді біреулері ауыр кір тасын еркін көтеріп, көрермен таңдайын қақтырды. Кіл жүйріктерге мешіт ұжымы марапаттау қағаздары мен бағалы сыйлықтар үлестірді. Халық бар ынта-жігерімен қатысушыларға жанкүйер болып, дүбірлеп өткен қызу тойдың куәсі болып қайтты.


 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары