Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА АБОРТ ЖАСАТУҒА ТЫЙЫМ САЛУ ҰСЫНЫЛДЫ
15 қыркүйек, 2016 жыл 220 Басып шығару нұсқасы

Қазақстанда аборт жасатуға тыйым салу ұсынылды. Психологтар мен дінтанушылардың айтуынша, осындай тыйымның арқасында бала мен ана өлімін сақтап қалуға болады.

Ресми статистика бойынша, еліміздегі әрбір үшінші әйел жүктіліктің ерте кезеңінде аборт жасатқан.Біреулер бала көтеруге зар болса, енді біреулер баласынан құтылуды армандайды. Жасанды жолмен бала көтерудің құны миллион теңгеден асады, әрі ол кепілді нәтиже бермейді. Жасанды жолмен ұрықтандыруға жылына 60 квота бөлінсе, оған 500 адам кезекке тұрады екен. Бүгінде Қазақстанда әрбір бесінші жұп ұрпаққа зар екен. Кей мамандар Қазақстанда халық санының аздығы қатаң шараларды қолға алуды талап етуде деп дабыл қағуда. Олар аборт жасатуға тыйым салуды ұсынуда. Өйткені абортты көбінесе жасөспірім қыздар мен 25 жасқа дейінгі бойжеткендер жасатады.

inform.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары