Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАНГЛАДЕШ КӨШЕЛЕРІН ҚАН АРАЛАС ЖАҢБЫР ШАЙЫП КЕТТІ (ФОТО)
15 қыркүйек, 2016 жыл 1108 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Құрбан айт мейрамында Бангладеш көшелері қан аралас жылғаларға толып кетті. Мерекенің бірінші күні мешіттен шыққан Дакка қаласының тұрғындары, құрбандық шалу рәсімін бастағанда жаңбыр легімен құйды. Кәріз құбырлардың істен шыққаны себепті Бангладеш көшелерін құрбандық малының қаны араласқан жаңбыр суы шайып кетті деп хабарлайды IslamNews, ABC News-ке сілтеме келтіре отыра.  

Айта кету керек, Бангладеш Республикасы халық өте тығыз орналасқан елдердің бірі. Жыл сайын Құрбандық шалу кезінде жердің тарлығы тұрғындарға қиындық туғызады. Сондықтан да, еріксіз көпқабатты үйлердің, гараждың алдында, яғни көшелерде мал союға тура келеді.  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары