Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖОЛ БОЙЫНДА НАМАЗ ОҚЫП ОТЫРҒАН ИМАМДЫ КӨЛІК ҚАҒЫП ӨЛТІРДІ
27 қыркүйек, 2016 жыл 370 Басып шығару нұсқасы

Қайғылы оқиға Алматы іргесіндегі Айнабұлақ ауылына барар жолда орын алған.Жол көлік оқиғасы 14 қыркүйек күні Айнабұлақ ауылына жақын жердегі Алматы-Өскемен тас жолының бойында кешкі саат сегіздер шамасында орын алған.Облыстық Ішкі істер департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше, Мерседес көлігін тізгіндеген жүргізуші Көксу ауданының тұрғыны болған. Ол Алматыға қарай бет алған екен. Жоғары жылдамдықпен келе жатқандықтан ымырт уақытында ол жол бойында отырған адам көрмей қалған. Салдарынан 27 жастағы Жаркент қаласындағы мешіттің бас имамы алған дене жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Марқұм жол бойында намаз оқып отырған. Қазіргі таңда полицейлер болған жайттың мән-жайын анықтап, кісі өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

sn.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары