Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАЛАЙША ПАЛЕСТИНАНЫ ҚАНҒА БӨКТІРГЕН БІРЕУДІҢ ЖАНАЗАСЫНА ҚАТЫСАСЫЗ?
03 қазан, 2016 жыл 312 Басып шығару нұсқасы

Газада мұсылмандар Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббастың Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перестің жаназасына қатысқаны үшін наразылық танытып, көшеге шықты. «Халқымызды қырып жойған адамға көңіл айту жоқ», «Перес соғыс қылмыскері» деген жазулар көтеріп шыққан халық Махмуд Аббастың бұл қылығына қарсылығын білдірді. Хамас өкілі Мұхаммед Әбу Әскер өзінің сөзінде: «Палестинаның мемлекет басшысы Аббастың балалардың қанын төккен Перестің жаназасына қатысуы шейіттерімізге жасалған опасыздық»,­ - деді.

«Шейіттеріміздің жаназасына қатыспай, қалайша Палестинаны қанға бөктірген біреудің жаназасына қатысасыз?» - деді Мұхаммед Әбу Әскер Махмуд Аббасқа қарата.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары