ҚМДБ Қарағанды облыстық орталық мешітінде облыс имамдарының қатысуымен төралқа жиналысы болып өтті. Жиналысты Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы бастап, облыс көлеміндегі мешіттердің өткен 3 тоқсанда атқарған жұмыстары жайлы есепті қорытындылады. Төралқа жиналысында ҚМДБ тарапынан белгіленген төрт бағыт бойынша атқарылған жұмыстар сарапқа салынып, жіберілген қате-кемшіліктерге бас имам тарапынан ауызша ескертулер де берілді. Сондай-ақ, барша мұсылмандар үшін қасиетті мереке Құрбан айттың есебі беріліп, осы мейрам аясында мұқтаж жандарға таратылған құрбандық еттері мен азық-түлік, ақшалай көмектер бір түйінделді. Жиналыс барысында жат ағымдармен жұмысты әрі қарай күшейту, облыс көлеміндегі халал өнімдерін өндіретін орындарды толықтай құжаттандыру, ҚМДБ төл басылымдарына жазылу, жастар ісін дамыту, дәстүрлі дінімізді мемлекеттік мекемелер мен жеке меншік орындарда көбірек насихаттау сынды жұмыстарын қолға алып, тапсырмалар берілді.
Пікірлер