Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ОРАМАЛЫН ШЕШПЕГЕНІ ҮШІН ЕМТИХАННАН ҚУЫЛДЫ
05 қазан, 2016 жыл 214 Басып шығару нұсқасы

Канаданың Монтреал қаласында Maisonneuve колледжінің оқушысын орамалын шешпегені үшін емтиханнан шығарып жіберді.

Колледждің баспасөз хатшысы Лайн Легаре: «Оқиға биология пәнінің мұғаліміне қатысты болып отыр. Ол жыл  басында оқушыларын емтихан барысында шапка, орамал кимеулерін, тіпті құлақтарын жабатындай етіп шаштарын да жайып жібермеуін ескерткен еді. Себебі, бұл оқушылардың емтихан барысында құлақ құрылғыларын пайдаланып-пайдаланбағандарын білуге кедергі келтіреді», – деді.

Мұсылман қыз орамал тағудың наным-сеніміме қатысты екенін айтып, орамалды шешуден бас тартқан. Бұған қырсыққан оқушысы емтиханнан шығарып жіберген.

Лайн Легаре оқиғаның екінші рет қайталанбауы үшін мектеп әкімшілігі тарапынан арнайы шаралар қолға алынғанын тілге тиек етті.

Куебек аймағының әкімі Филип Куиллард да бұл оқиғаға қатысты мәлімдемесінде бұл істің мектеп емес, мұғалім тарапынан болғанын сөз етіп: «Проблеманың басталған жерде шешілгеніне қуандым. Қазіргі уақытта жасап жатқан, жақын арада парламентке жіберілетін заң жобасында бұл мәселелер егжей-тегжейлі талқыланатынына мүмкіндік береді», – деді.  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары