Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ: БҮГІНГІ  ИМАМДАР ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕК?(ФОТО)
06 қазан, 2016 жыл 592 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы бойынша имамдардың халық алдындағы сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнерін дамыту мақсатында шешендік өнер және оны дамыту жолдарын үйрету үшін қазан айының 5-6 күндері Қарағанды облыстық орталық мешітінде облыс имамдарына Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры, мәдениет қайраткері Әбзелбаев Мұрат Назтайұлы мен ҚМДБ-ның Баспасөз хатшысы Сыдықов Ағабек Қонарбайұлы «Шешендік өнер: сөйлеу тәсілі және әсер ету әдісі» атты семинар-тренинг өткізді. Семинарда имамдардың халық алдында өзін-өзі ұстауы, дұрыс сөйлеуі, ойдың шашыраңқы болмауы, сөздің анық шығуы, уағызды дұрыс жеткізе алуы секілді біршама мәселелер қозғалып, мамандар тарапынан тренингтер жүргізіліп, әдіс-тәсілдер айтылды. «Тіпті, үстіндегі киімнің ыңғайсыз болуы да сөйлейтін сөзіміз бен айтар ойымызға әсер етеді»,-деді профессор Мұрат Назтайұлы семинар соңында.                              

 Алла Тағала  «Ниса» сүресінің 63-аятында: «...Оларға үгіт бер де, әсерлі сөз сөйле» деп айтқан. Осыған орай  имамдардың жамағат алдында өзін еркін ұстауы, сөзді жымиюдан басауы, диалект, кірме сөздерді көп пайдаланбауы, назардың дұрыс болуы яғни жамағатқа тура қарауы, дауыстың анық, нақты шығуы,өзіне сенімді болуы, тыңдаушыны білімсіз санамауы, керек жерінде қолмен көркем түрде ишара жасауы секілді көптеген мәліметтер айтылып өтті. 2 күндік семинар-тренинге Қарағанды облысының имамдары мен ұстаздары қатысып, қара сөздің майын ішіп, жілігін шаққан арнайы мамандардан дәріс алды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары