Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

UAQIT.KZ-ТЕ БҮГІНГІ УАҚЫТТЫҢ ТАЛАБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
14 қазан, 2016 жыл 120 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан-Қарағанды телеарнасындағы UAQIT.KZ бағдарламасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Баспасөз бөлімінің басшысы Ағабек Қонарбайұлы және Саран қалалық мешітінің бас имамы Мұхаммедқали қажы Сапарғалиұлы қонақта болып, бүгінгі дін қызметкерлерінің шешендік өнерді меңгеру мәселесі жан-жақты талқыланды.

А.Қонарбайұлы жуырда Қарағанды облысының имамдары үшін арнайы өткізілген «Шешендік өнер және көркем насихат» атты тренингтің мақсаты мен мәнін түсіндіріп берді.

«Шешендік – пайғамбардан қалған, одан кейін кешегі ата-бабаларымыздан бізге жеткен өнер. Қазақ – бір ауыз сөзге тоқтаған, сөз қадірін білген халық. Бүгінгі таңда Діни басқарманың бастамасымен имамдарымыздың біліктілігі мен білімін арттыру  жолында үлкен жобалар жүзеге асуда. Соның бірі – дін қызметкерлерінің шешендік өнерді меңгеруі. Бұл – уақыт талабы. Өйткені, имам халық алдында сөз бастайды, жұртты имандылыққа ұйытады. Сөз бастаушы рухани тұлға аудиторияны қанағаттандыру үшін бұл өнерден терең хабары болуы керек. Осы бағытта біз арнайы тренинг өткізіп, шешендік өнердің қыр-сырын түсіндіріп жатырмыз», – деп атап өтті Ағабек Қонарбайұлы.

Бағдарлама барысында имам Мұхаммедқали қажы Сапарғалиұлы дәрістен алған әсерлерімен бөлісіп, тренингті өткізуге ұйытқы болған Діни басқарма өкілдеріне алғысын білдірді.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары