Түркияның Калфалар елді мекенінде 140 оқушысы бар мектеп бар. Бірақ мұғалім –жалғыз. Парталар, орындықтар жетіспегендіктен мектеп оқушылары 3-4-тен отыруға мәжбүр. Жалғыз мұғалім Мұстафа Демирбёкеннің айтуынша ауыл шалғайда орналасқан, мұнда тұрмыстық-техника еш нәрсе жоқ, сондықтан да жаңа мамандардың келгісі жоқ. «Мен балаларға қолымнан келгенше үйретіп жатырмын. Алайда сынып лықсып толық отырғаннан кейін, қиындау», - дейді ол.
Пікірлер