Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ (ФОТО)
20 қазан, 2016 жыл 694 Басып шығару нұсқасы

"Нұрлы білім" қоғамдық бірлестігі мен Қарағанды облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен рухани келісім күніне орай "Рухани келісім - ел дамуының кепілі" атты жиын өтті. Кездесуге Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы мен Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Жақия Мерей Қанатұлы қатысты. Көптеген дін өкілдері қатысқан бұл кездесуде Өмірзақ қажы Қазкенұлы рухани келісім күнінің маңызы мен бүгінгі қоғамдағы ислам діні жайлы келелі ой қозғады. Өкіл имам өз сөзінде: "Рухани келісім дегенде, ең алдымен адамзаттың болмысына тән игі қасиеттер ойға оралады. Себебі, адамның өзін-өзі басқару мәселесінде ой-өріс пен мінез-құлықтың үйлесімі мен ішкі келісімі болуы заңдылық. Адамзатты біртұтас дене деп қарайтын болсақ, бір ағзамыз сыздаса барлық денеміз сезетіні сияқты баршамызға орта құндылық – өзара келісім деуге болады. Пайғамбар (ﷺ) хадисінде: «Адамның денесінде бір кесек ет бар. Ол таза болса, бүкіл дене сау болады. Ол - жүрек» деген. Сондықтан жүрегіміз бөлек болса да ниетіміз бір, тіліміз бөлек болса да тілегіміз бір халық екендігімізді біз әрдайым мақтан тұтамыз",- деп ел арасындағы рухани келісімнің маңызы жайлы айтып өтті. Сондай-ақ, "Бүгінде тәуелсіз елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері жасап жатыр деп мақтанамыз. Күні кешегі тарихи кезеңде талай елдер қақтығыстарға жол беріп алса, біз бірлігіміздің және рухани келісім мен тұрақтылытың арқасында тірлігімізді түзеп, өркендеп көркейдік. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы, салихалы саясатының жемісі болумен қатар ел халқының, соның ішінде мемлекетті құраушы негізгі қазақ халқының кеңпейіл жомарттығының жемісі", - деп мемлекетіміздің татулық пен бейбітшіліктің ордасы екендігін баса назарға алды. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары