Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

130 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ 450 ШӨБЕРЕ ТӘРБИЕЛЕП ОТЫР
27 қазан, 2016 жыл 201 Басып шығару нұсқасы

Түркияның Диярбакыр қаласында тұратын Шахи Тайюрак есімді ғасыр жасаған мұсылман әжей 450 шөбере тәрбиелеп отыр.

Үш рет үйленген Шахи Тайюрактың көзі тірі 7 баласы бар, үлкені 96 жаста. Ол өзінің нақты қанша жасқа келгенін білмейді. Үлкен ұлы Шахи Джемаль Тюйрак анасының жасы 130-ға келген болуы мүмкін дейді.

Қарт әженің құжаттағы жасының нақты белгілі болмауы хижра жыл санауының григориан күнтізбесіне ауысып кетуімен түсіндірілді. Ол жеке бас құжатын 1919 жылы 1 шілде күні алған, ал, сол кездің өзінде әжей 7 баланың анасы болып үлгерген. Кезекті қызының туған күні оның құжатында 06.01.1926 деп көрсетілген.

Әжей өзін өте жақсы сезінеді екен және ақыл-есі де, есте ұстау қабілеті де тамаша дейді туысқандары. Қарт ана өзінің ұзақ өмір сүрудегі құпияларының бірі ретіне қуатты және мол таңғы асты ішу екенін айтты.

Muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары