Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«МҰХАММЕД» ФИЛЬМІНЕ ТҮРКИЯ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ СЫН АЙТТЫ
07 қараша, 2016 жыл 1226 Басып шығару нұсқасы

Түркия Дін істері басқармасы көрсетілімде жүрген «Хазіреті Мұхаммед: Аллаһтың Елшісі» есімді Пайғамбарымыздың туғанынан бастап балалық шағына арналған фильмге қатысты өзінің мәлімдемесін жасады.

Тарихымызда барлық пайғамбарлар діни, әдеби және өнер туындыларына тақырып болып келгені ақиқат. Батыста да, шығыста да бұл тәрізді өнер туындыларының діни тұрғыдан дұрыс немесе дұрыс еместігі бұрыннан бері тартысқа салынып келді. Әсіресе, орта ғасырларда Батыс қоғамында бұл мәселе көп талқыланды. Мұндай тартыстардың өткен замандарда болғаны секілді күнімізде де талқыланатыны заңды.

Мәлімдемеде фильмдегі Пайғамбарымыздың бейнесіне қатысты да пікірін білдірді. «Исламның негізгі жолын қалыптастырған түсінік о бастан бері Пайғамбарымыздың (с.а.у.) суреті мен портретінің салынуын құп көрмеген. Тіпті алғашқы мұсылмандардың алдыңғы қатарлы сахабаларының бейнелеріне де осындай ұстаным болған. Ислам діні көп құдайшылық мәдениетіне, пұтқа табынушылыққа қарсы. Аллаһ Тағаланы жалғыз деп тану, сондай-ақ барлық кемшілік атаулыдан пәктеу – ең негізгі сенім принципі ретінде қабылданған. Аллаһ Тағалаға мүше таңып, басқа бірдеңеге ұқсатуға қарсы бір діннің мүшелері ретінде мұсылмандардың басым көпшілігі сенім мәселесінде басқа діндегілердің ұрынған қателіктеріне ұрынбас үшін Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бейнесін жасауға дін тұрғысынан да, әдеп тұрғысынан да құп көрмеген. Бұл жерде өзінен бұрынғы пайғамбарлардың және қадірлі тұлғалардың бейнеленуі (икона) және пұтқа айналдырылуы баршаға мәлім ақиқат. Мұсылмандар осындай қателікке жол ашпас үшін бұл мәселеге өте сақтықпен қараған. Оның орнына Пайғамбарымыздың (с.а.у.) физикалық ерекшеліктерін, бейнесін суреттеп жазған кітаптар шыққан» делінген.  

«Бұл фильм қанша жерден Хз.Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірінің алғашқы кезеңдерін тарихи шындыққа жанастырдық десе де, фильмнің кейбір бөлімдері мен сахналарында тарихи ақиқаттан әжептәуір ұзақ қалғаны, қиялға орын бергені көрінді. Ислам тарихы қайнар көздерінде табылмаған жағдайларға маңызды деңгейде орын берілген» делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ, «Дін істері басқармасы бұл фильмді мақұлдады және қаржылай қолдау білдірді» деген қоғам арасындағы алып-қашпа әңгімелердің ешқалай да шындыққа жанаспайтынын айтты.

Түркияның Дін істері басқармасы ғана емес, қоғам қайраткерлері де бұл фильмге қатысты сын-пікірлерін айтуда. Мәселен, жазушы, кино саласының маманы Юсуф Каплан бұл фильмге қатысты: «Ирандық, шиит режиссері Мәжидидің Пайғамбарымызға қатысты фильмі қанша жерден әсерлі болсын, бұл фильм ақида, мәдени және саяси нәтижелер тұрғысынан өте қауіпті фильм», – дейді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары