Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ЭКО-МЕШІТ АШЫЛДЫ 
11 қараша, 2016 жыл 178 Басып шығару нұсқасы

Дубайдың «ең жасыл» деп әспеттелетін жаңадан бой көтерген көшелерінің бірінде эко-мешіт ашылды. Құлшылық үйі 700 жамағатқа шақталған. Құрылыс нысанын салуда жоғарытехнологиялық құрылғылар экологиялық таза өнімдер қолданылған. Сондықтан да ол қоршаған ортаға зиян тигізбейді. Сондай-ақ бұл ғимаратқа тоқ көзі де көп кетпейді. Жарықты қолдану осындай аумақтағы өзге нысандарға қарағанда 90 пайызға аз болып келеді. Көлік тұрақтарының өзі күн көзінен энергия алады. Еске сала кетейік, 460 шақырымды алып жатқан Sustainable City аймағы экологиялық, экономикалық және әлеуметтік деген 3 негізгі принцип бойынша салынған. Ол міндеттер де орындалуда.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары