Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ПЛАСТИК ЫДЫСТАҒЫ СУДЫҢ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАУІПТІ ЕКЕНІ АНЫҚТАЛДЫ
14 қараша, 2016 жыл 722 Басып шығару нұсқасы

Түркияның пайдалы әрі дұрыс тамақтану саласының маманы, профессор, доктор Кенан Демиркол пластмасса ыдыстардағы су мен тағамдардың денсаулыққа қауіпті екенін айтады. Профессор былай дейді: «Полиэтилентерефталат өнімінен жасалынатын пластмасса ыдыстардағы зиянды заттар суға араласады. Әсіресе пластмассаны жұмсарту үшін қолданылатын антимонит деп аталатын ауыр металл да сумен араласқа түседі. Осылайша пластмасса ыдыстан су ішкен адам осы зиянды заттарды да ішкен болады. Ал бұлар бізге қандай зарар тигізуі мүмкін? Бұлар гормондарды бұзатын элементтер. Бұл ыдыстағы суларды тұтынғанда ағзаңызда гормоналдық бұзушылық пайда болады. Мәселен, солардың бірі эстрогеннің әсерінен туындайтын гормоналдық бұзушылық. Яғни, бұл 5 жастағы қыздың етеккір көруіне себеп болады. Люлебургаз (Түркия) қаласынан екі жарым жастағы бір қызды алып келді. Етеккірі келген екен. Екі жарым жаста!».

Профессордың айтуынша, 19 литрлік пластикалық судың ыдыстары поликарбонат деп аталатын бір пластмасса, ал бұл Бисфенол-А деп аталатын шикізаттан өндіріледі. «Ал Бисфенол-А-ның сүт безі рагына шалдықтыратыны 1930 жылдан бері белгілі. Бұған қатысты 130 ғылыми мақала жарияланған. Бисфенол-А аяғы ауыр әйелдің қарнындағы баланың миындағы жыныстық ажырату орталығына барғанда баланың гомосексуал болу мүмкіндігін арттырады. Ал еркектерде бұл зат простатит рагына шалдығу мүмкіндігін үш есеге арттырады», – дейді профессор Кенан Демиркол.

Ал Түркия денсаулық сақтау министрлігі, Қоғамдық денсаулық сақтау интитутына қарасты қоршаған орта денсаулығы департаментінің башысы доктор Хусейн Илтер пластмасса ыдыстардағы сулардың табиғи болмайтындығын ескертіп, су құбыры жүйесіндегі (крандағы) суларды пайдалануға кеңес берді. Осыған байланысты арнайы зерттеу жұмыстарын да жүргізгенін тілге тиек етті Илтер.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары