Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Хиджабтағы ару алғаш рет сұлулар сайысына қатысты
29 қараша, 2016 жыл 469 Басып шығару нұсқасы

Минесотада алғаш рет хиджабтағы ару сұлулар сайысына қатысып, жұртты таң қалдырды. Сент-Клаунд университетінің 19-жасар студенті Халима Аден әйел адамның нағыз сұлулығы орамалында екенін көрсеткісі келген.  

Сайысқа қатысушылар суда жүзуге арналған киім  үлгісімен ортаға шыққан сәтте, Халима буркинимен (мұсылман әйелдердің суда жүзуге арналған киімі) сән көрсеткен. Мұндай киімді бұрын соңды көрмеген дүйім жұрт оны сөз етіп, үлкен талқыға салған. Бірақ, қалың жұрттың қатты пікіріне еңсесін түсірмеген Халима Аден өзінің сұлулыққа лайық екендігін айтады.

«Менің таңдауым хиджаб. Орамал таққан арулар да сұлудыққа әбден лайық бола алады. Адамдардың да осыны түсінгенін қаладым»,-дейді Халима өз сөзінде. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары