Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚҰРАН КӘРІМ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНДА БҰРМАЛАУШЫЛЫҚТАР БАР
05 желтоқсан, 2016 жыл 420 Басып шығару нұсқасы

Дүниежүзі Ислам Ұйымына қарасты Халықаралық Құран Кәрім жаттау бірлестігі телефондарда қолданылатын мобильді Құран Кәрім бағдарламаларындағы бұрмалаушылықтар мен қателіктерге қатысты халықты ескертуде.

Бірлестіктің жасаған мәлімдемесінде телефондағы кейбір Құран Кәрім бағдарламаларында қателіктер мен бұрмалаушылықтар бары айтылған.

Халықаралық Құран Кәрім жаттау бірлестігіне интернет сайттарынан, Apple Store және Google Play секілді онлайн дүкендерден жүктелген Құран Кәрім бағдарламаларында бұрмалаушылықтар мен қателіктер бары жайында адамдардан ондаған хаттар келіп түскен.

Аталған бағдарламаларда аят мағынасының немесе сөздердегі иғрабтың ауысып кетуіне жол ашатын әріп, сөз немесе аят қателерінің, сондай-ақ аяттардың орындарында, харакәттарында өзгерістер бары, тіпті кейбір берттердің өшіп кетуіне себеп болған техникалық қателіктер бары да сөз етілген.

Сол себепті мәлімдемеде қайдан шыққаны, кімдердің жасағаны белгісіз болған бағдарламаларды қолдану барысында өте сақ болуға және танымал, сенімді бағдарламаларды қолдануға шақыруда. Болмаса, арнайы маманданған құрылымдарға тексертіп алуды кеңес етуде.

Қатесі бар, бұрмаланған бағдарламалардың бірі Apple Store онлайн дүкеніндегі A.S.H. атты фирма тарапынан дайындалған «Құран» атты бағдарламасы екені айтылған. Мәлімдемеде «Мәдина-и Мунаууарадағы Король Фахд Құран Кәрім басу кешені» атын қолданған бағдарламада Таһа сүресінің 14-аятында әріп қателері бары, 27-аяттан 31-аятқа дейінгі біраз жері кем боп шыққаны айтылған.

Сондай-ақ, интернеттегі «quran 360» атты бағдарламада харекеттерінде бірнеше қате табылғандығы, «Құран Кәрім» атты бағдарламада болса, кейбір аяттардың жоқ екені анықталған.

Сенімді бағдарламалар мен сайттар

Халықаралық Құран Кәрім жаттау бірлестігінің мәлімдемесінде қолдануды кеңес еткен сенімді интернет сайттар мен бағдарламалардың тізімі де көрсетілген.

Сенімді сайттар тізімде http://mushaf-services.qurancomplex.gov.sa, http://quran.ksu.edu.sa және www.quranflash.com сайттары бар.

Ал телефондарға жүктелетін бағдарламалар арасында Kuveyt Finance House тарапынан дайындалған «Құран Кәрім» және «Шейх Сағид және Абдулазиз әл-Мұса уақфы» тарапынан әзірленген «Құран Кәрім» мен «Баян әл-Құран» атты бағдарламалар бар.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары